Ломбардтар желісі 146 млн теңге заңсыз табыс тапқан

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қаржылық мониторинг агенттігі «Альби» ломбардтар желісінің заңсыз қызметін тоқтатты. Тергеу мәліметінше, бұған дейін «Альби-Ломбард» ЖШС микроқаржылық қызметпен айналысатын ұйымдардың тізілімінен шығарылып, ломбард қызметін жүргізу құқығынан айырылған.

Алайда компания атауын «Альби-КМ» ЖШС деп өзгерткеннен кейін де Алматы және Түркістан облыстарында зергерлік бұйымдарды кепілге алып, қарыз беруді жалғастырған.

Ломбардтар, негізінен, базарлар мен сауда үйлерінің маңында орналасқан. Қарыз күніне 2 пайыздық өсіммен берілген. Бұл заңда белгіленген 0,3 пайыздық шекті мөлшерлемеден алты есе жоғары.

Қылмыстық жолмен түскен табыс 146 млн теңгеден асқан. Күдікті әйелге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Соттың рұқсатымен оның 21 пәтеріне, 5 жер теліміне, 7 автокөлігіне, 7 гаражына, 2 дүкені мен қонақүйіне тыйым салынды.

Іс сотқа жолданды.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар