Көлік жүргізу құқығынан айырылса да, рөлге отырған 115 адам қамауға алынды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылған кейбір азаматтар заң талабын елемей, қайтадан рөлге отырады. Осылайша олар өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

🗣Соңғы бес күнде полиция қызметкерлері осындай 245 жүргізушіні анықтаған. Олардың 115-і әкімшілік қамаққа алынса, 130-на айыппұл салынған.

Сонымен қатар ұсталған жүргізушілердің 245 автокөлігі де арнайы айып тұрағына қойылды.

📌Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар