Жергілікті бастамадан – қоғамдық дамуға

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың мемлекет ісін басқаруға тікелей және өз өкілдері арқылы қатысу құқығын бекітеді. Бұл норма азаматтық қоғамды дамытуға, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға және қоғамдық бастамалардың жүзеге асуына негіз болады.


Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуы күнделікті қоғамдық өмірде көрініс табады. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын қарау, халықпен кездесулер өткізу, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру және аумақтарды дамыту мәселелерін бірлесіп талқылау – осы бағыттағы маңызды тетіктер.


Мұнда мәслихаттардың рөлі айрықша. Олар жергілікті халықтың еркін білдіріп, өңірдің даму басымдықтарын айқындауға, жергілікті бюджеттерді бекітуге және олардың орындалуын бақылауға қатысады. Сонымен бірге Қазақстан Халық Кеңесі қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлікті нығайту және халық мүдделерін білдіру бағытында қызмет етеді.
Азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы жергілікті мәселелерді тиімді шешуге, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыруға және қоғамның сұраныстарын ескеруге мүмкіндік береді.


Мемлекеттің дамуы – билік пен қоғамның өзара іс-қимылына негізделген ортақ үдеріс. Ал азаматтық қатысу жергілікті деңгейдегі нақты ұсыныстар мен бастамалардан басталады.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар