Жемқорларға ешқандай аяушылық немесе рақымшылық болмайды – Президент

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында «Заң және Тәртіп» қағидаты тұрақты, болжамды әрі ашық ортаның берік негізіне айналуға тиіс екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар әділдік, отаншылдық, еңбекқорлық, шығармашылық, зайырлылық және прогресс құндылықтарымен ұштасады.

Заң мен сот алдында бәрінің тең екенін Конституцияда нақты бекіту арқылы осы өзгерістердің нәтижесі орнықтырылады.

Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жалғасады: кінәлілерге ешқандай аяушылық немесе рақымшылық болмайды.

Мемлекет басшысы жемқорлықтың қоғам сенімін әлсіретіп, ел дамуын тежейтінін айтты.

Оған лауазымы да, сіңірген еңбегі де, тіпті ықпалды «қамқоршылары» да көмектеспейді. Заң алдында бәрі бірдей болуға тиіс. Сонда ғана біз реформаларды соңына дейін жеткізіп, ел-жұртымыздың үмітін ақтай аламыз,- деді Президент.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар