
Астана мен Алматы әуежайларында жалған құжатпен Қазақстан шекарасынан өтпек болған 19 шетел азаматы анықталды. Олардың басым бөлігі жалған визалар мен бөгде адамдардың деректері көрсетілген құжаттарды пайдаланған.
ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері осындай 358 деректің жолы кесілген. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: @baq_kz


