Д. Трамп: Иранға қарсы соғыс жалғасады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Иранға қарсы соғыс жалғасады. Мұны АҚШ Президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде жазды. Айтуына қарағанда, Құрама Штаттар Ислам Республикасының әскерін талқандады.

Сондай-ақ Америка әлемдегі ең қуатты әскери күшке ие дейді Ақ үй басшысы. Бұдан бөлек ол өз әкімшілігінің жұмысын мақтаған.

«Мен билікке келгелі  АҚШ экономикасы күшейіп, инвестиция көбейіп, халықтың әл-ауқаты жақсарды»,- деп жазды ол.

Сосын бұрынғы президент Джо Байденнің саясатынан Америка әлсіреді деп сынаған. Бейжіңмен арадағы қарым-қатынас жайында «Қытай төрағасы Си Цзинпинь қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктеріммен құттықтады» деп те атап өткен.

Сондай-ақ АҚШ пен Қытай арасы жақсаратынын айтқан.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/768559-d-tramp-iranga-karsy-sogys-zalgasady

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар