Осыдан 1 жыл бұрын Үсен Жарқынбеков Тараз қаласында көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстары кезінде 5 қабаттан құлап жансақтау бөліміне түскен болатын. Оқыс оқиғадан хабардар болған өзіміздің өңір әкімі қол ұшын созды. Жамбыл облыстық ауруханасында 22 күн емделіп, одан соң қаламыздағы “Неймромед” клиникасында ем қабылдаған Үсен Жарқынбеков бүгінде толығымен айықты. Медицина қызметкерлері күнінде айтулы медицина орталығы мамандарына алғысын білдірді.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Нұрдәулет Жолбарыс