
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін Англияның «Бернли» клубы Чемпионшиптің 11-туры аясында «Вулверхэмптонмен» кездеседі, – деп хабарлайды Sports.kz.
Матч 16 қазаннан 17 қазанға қараған түні «Терф Мур» стадионында өтеді. Қазақстан уақытымен түнгі сағат 00:00–де басталады. Бұл ойында Сәтпаевтың «клареттер» сапында алаңға қайта шығуы мүмкін.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


