1944 жылы қарашада Орта Азия мен Қазақстан аумағына көптеген ұлт өкілдері қоныс аударған болатын. Солардың бірі – түрік халқы. Қиын – қыстау сәтте «дініміз бір, діліміз бір» деп қол ұшын созған қазақ халқының жақсылығын түрік бауырларымыз әлі де ұмытпақ емес. Осы орайда, Сарыағаш аудандық түрік этно – мәдени орталығы қаламыздағы дәмханалардың бірінде кең дастархан жайып, ас берді. Бабалар рухына Құран бағыштады. Жиынға аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы қатысты.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Ережеп Тұрғынбайұлы