Биылғы алты айда елдегі қылмыс деңгейі 11%-ға төмендеді– Бас прокурор

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Елімізде жаңа Конституция қабылданғаннан кейін жүргізіліп жатқан ауқымды құқықтық реформа жағдайында құқық қорғау органдарының жұмыс тәсілдері де өзгеріп жатыр.

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

-Бүгінде жасалған қылмысқа ден қою жеткіліксіз. Біздің ортақ міндетіміз – қауіп-қатердің алдын алу, құқық бұзушылықтардың себептерін жою және азаматтардың құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ету. Дәл осы мақсатта біз Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығын құрдық. Ол – қылмыстың салдарымен күресуден оны ерте кезеңде ескертуге көшудің негізгі құралдарының бірі,-деп жазды Бас прокурор.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар