Белгородтағы Ozon логистикалық нысандарына шабуыл жасалды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Белгородтағы Ozon компаниясының сұрыптау орталығы мен жеткізу хабына шабуыл жасалды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер бар.

Шабуылдан кейін қызметкерлер эвакуацияланып, нысанда шыққан өрт оқшауланды. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Осыған байланысты Белгород пен облыста тапсырыстарды жеткізу және қабылдау, сондай-ақ сатушылардан тауар қабылдау уақытша тоқтатылды.

Компания логистикалық бағыттар қалпына келтірілгеннен кейін жұмыс қайта жанданатынын хабарлады.

Дереккөз: @baq_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар