АҚШ-тың ресми өкілі Ресейге қандай мақсатпен келді?

АҚШ Орталық барлау басқармасының басшысы Путинмен кездесу үшін Мәскеуге ұшып барған. Мұны шетелдік БАҚ хабарлады.

Олардың мәліметінше, басқарма директоры Джон Рэтклифф Ресейдің ресми өкілдерімен кездесуі керек болған. Алайда кездесудің нақты кіммен өтетінін және мақсатын айтпаған.

Ал кейінірек сарапшылар Джон Рэтклиффтің Путинмен кездесетінін жеткізді. Олардың болжамынша, Рэтклифф Мәскеуге «ескерту» хабарламасын жеткізу үшін барған болуы мүмкін. Демек Вашингтон Ресейдің қандай да бір әрекетке дайындалып жатқанын біледі. Одан бас тартуға шақырады деген болжам бар.

Оған қоса кездесуде Иранмен арадағы қақтығысты реттеуге Мәскеуді тарту мәселесі талқылануы мүмкін.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар