Астана әлемдегі үздік туристік бағыттар тізіміне енді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Халықаралық Lonely Planet туристік басылымы Астананы Best in Travel 2027 жыл сайынғы үздік бағыттар мен туристік әсерлер топтамасына енгізді.  

«Қазақстан астанасы 2027 жылы саяхаттауға ұсынылған әлемнің түкпір-түкпіріндегі 50 орын мен туристік әсер қалдыратын тізімге енді», – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Best in Travel 2027 топтамасына Lonely Planet командасы таңдаған 25 туристік бағыт пен 25 туристік әсер қалдыратын тізім енгізілген. Астана тізімге дербес туристік бағыт ретінде еніп, «Best for futuristic skylines» – футуристік сәулетімен ерекшеленетін қала ретінде ұсынылды.  

Lonely Planet авторлары елорданың заманауи сәулеті мен көзге бірден түсетін қалалық келбетіне назар аударған.  

Басылым қаланың көрнекті нысандары қатарында «Бәйтерек» монументін, «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығын, Бейбітшілік және келісім сарайын, «Қазақстан» Орталық концерт залын және заманауи сәулеттің басқа да нысандарын атап өткен.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар