Астанадан Талдықорғанға 3,6 келі психотроптық зат жеткізбек болған күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz

Астана қаласында полиция қызметкерлері Талдықорғанға жеткізуге арналған 3 келіден астам психотроптық затты тәркіледі. Заңсыз тасымалдауға күдікті 32 жастағы ер адам ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

— Көлікті тінту барысында артқы жолаушылар орындығының тысы астынан ұнтақ тәрізді заты бар екі орама табылды. Тергеу барысында 2 келі 148 грамм мефедрон және 506 грамм α-PVP психотроптық заты тәркіленді. Алайда жедел жұмыс мұнымен аяқталған жоқ, — деп хабарлады ІІМ—нен.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар