
Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарды мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендіктің иесі ретінде айқындайды. Осы қағидаға сәйкес, әрбір азаматтың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуы, мемлекеттік басқару үдерістеріне өз үлесін қосуы маңызды мәнге ие.
Азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуы сайлау және референдумдармен ғана шектелмейді. Бұл бағытта қоғамдық диалогқа қатысу, мемлекеттік органдарға өтініштер жолдау, жергілікті мәселелерді талқылау және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыру да маңызды рөл атқарады.
Өңірлік деңгейде азаматтардың мүддесін білдіруде мәслихаттардың орны ерекше. Олар аумақтарды дамыту бағдарламалары мен жергілікті бюджеттерді бекітуге, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады. Сонымен қатар Қазақстан Халық Кеңесі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған қызмет атқарады.
Азаматтық белсенділік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әрбір тұрғынның ұсынысы мен бастамасы жергілікті мәселелерді шешуге және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ете алады.


