
Синоптиктердің мәліметінше, айдың басы мен ортасы ең суық кезең болмақ.
Елдің батысын, солтүстігін, орталығын және шығысын суық ауа толқындары қамтиды. Түнде ауа температурасы −21, −30 градусқа дейін төмендейді.
Ал шығыстың таулы аймақтарында одан да суық болуы мүмкін.
Ақтөбе облысында, күрт суыту байқалады. Түнде −28 градусқа дейін, күндіз −23 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа райы тұрақсыз болады. Күндіз әлсіз аяз бен плюстік температурадан кейін қайтадан суық түсіп, түнде −28 градусқа дейін жетуі ықтимал.
Оңтүстік өңірлерде ақпан айы салыстырмалы түрде жұмсақ өтеді.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


