Ұстаз – ұлы есім. Ұстаз – ел болашағын тәрбиелейтін тұлға. Сондықтан ең мәртебелі мамандықтың жүгін арқалаған мұғалімдерге құрмет көрсету – қашан да парыз. Бүгін дәл осындай игі шара мұзбалақ ақынның атындағы білім ұясында болып өтті. Нақтырақ айтқанда, музыка кабинетіне дәл осы Мақатаев мектебінде өмірінің соғына дейін ән-күй пәнінен дәріс беріп, шәкірттерді өнерге баулыған ұстаз Әбілхан Баймаханұлының есімі берілді.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек