ӨЗБЕКСТАНҒА ҚАЗЫЛҒАН ТОННЕЛЬ: ҚАЗАҚСТАННАН БЕНЗИН ТАСЫҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қазақстанда мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы мен контрабандасы бойынша 8 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеруге жіберілді.

Маңғыстау облысы 2022 жылдан бері есепке алынбаған 28,5 мың тоннадан астам мұнай өңдеген заңсыз шағын мұнай өңдеу зауыты анықталды. Өнім мазут ретінде рәсімделіп, шетелге шығарылған.

Түркістан облысы Мемлекеттік шекара астынан қазылған тоннель арқылы Өзбекстанға бензин өткізген трансұлттық қылмыстық топ ұсталды. Кінәлілер ұзақ мерзімге сотталды.

Қырғызстан бағыты АИ-92 бензинін заңсыз тасымалдаған топ бойынша тергеу аяқталды. Жалпы көлемі 190 мың тоннадан асып, құны 37 млрд теңгеден жоғары болған.

«Түрксіб» станциясы Кезекті операция кезінде 8 теміржол цистернасы (шамамен 500 тонна бензин) ұсталды. Құны 138 млн теңге болатын өнім мемлекет кірісіне өтті.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар