Шымкенттен Түркияға 227 млн теңгенің алтынын жасырын алып өтпек болған

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Өзбекстан азаматтары алтынды шекарадан өткізудің ерекше тәсілін ойлап тапқан. Олар қымбат металды кеденшілерден жасыру үшін чемоданның ішкі астарына және жүк орамына алтын бөлшектерін жалатып, сырлап қойған.

Осылайша Шымкент әуежайы арқылы Түркияға құны 227,8 млн теңге болатын 2,8 келіге жуық алтынды заңсыз алып өтпек болған.

Көлік прокуратурасының өтініші бойынша сот үкім шықпай тұрып металды мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарды. Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды. Тергеу жалғасуда.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар