Өзбекстанда төрт аяғы бар сәби дүниеге келді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Өзбекстанның Сұрхандария облысында сирек кездесетін даму ерекшелігі бар сәби дүниеге келді. Бұл туралы 1chi.uz Telegram арнасы хабарлады.

Ұл бала 28 сәуірде Шерабат ауданында туған. Келесі күні ол Самарқанд облыстық балалар көпсалалы медициналық орталығына жеткізілген.

Дәрігерлер нәрестеде бірнеше туа біткен даму ақауы бар екенін, сондай-ақ бітісіп туған егіздер синдромын анықтаған. Соның салдарынан сәбиде қосымша төменгі дене бөлігі мен төрт аяқ болған. Мамандар екі күрделі ота жасап, артық аяқтарды  алып тастаған.

Дәрігерлердің айтуынша, олардың екеуі толық дамымаған әрі қимылсыз болған.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. Алдағы уақытта оған тағы бірнеше операция жасалуы мүмкін.

Медицина мамандары мұндай патология кезінде өмір сүру көрсеткіші төмен болатынын айтады. Соған қарамастан, дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қалу үшін барлық мүмкіндікті қолданып жатқанын жеткізді.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/773419-ozbekstanda-tort-aagy-bar-sabi-duniege-keldi

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар