
Өзбекстанда жалпы құны 100 трлн сумнан, яғни 8 млрд доллардан асатын мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасы бекітілді. Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды.
Жекешелендіру тізіміне 84 компаниядағы мемлекеттік үлес, 1242 жылжымайтын мүлік нысаны және шамамен 8 мың гектар жер кірген. Сондай-ақ мемлекеттің қатысуы бар 85 кәсіпорынды тарату немесе қайта ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Ірі активтердің қатарында «Туронбанктің» 98,9% акциясы, «Xalq Sug‘urta» сақтандыру компаниясы мен «Humo Air» әуе компаниясының 100% үлесі бар. «Humo Air» компаниясын 2026–2027 жылдары сату жоспарланған.
Дереккөз: @baq_kz


