
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылауды күшейтті. Сауда үстемесі шектелетін өнімдер тізімі 19-дан 31 позицияға ұлғайтылды.
Бұл дүкендер мен базарлар үшін нені білдіреді?
* Осы тауарларға ең жоғары сауда үстемесі 15%-дан аспауға тиіс.
* Бақылау «үй жанындағы» дүкендерде, базарларда және сауда желілерінде жүргізіледі.
* Негізгі мақсат – бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұтынушылар құқығын қорғау. Кәсіпкерлерге заң талаптары түсіндіріліп, кеңес беріліп, ақпараттық материалдар таратылып жатыр.
Талап бұзғаны үшін айыппұл салынады:
* Жеке тұлғалар және шағын бизнес – 5 АЕК
* Орта бизнес – 35 АЕК
* Ірі бизнес – 150 АЕК
Егер бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі екі есеге артады.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты бақылау мен мониторинг жүргізіледі.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


