
Қара теңіз аймағындағы жағдайдың шиеленісуі әлемдік бидай нарығына бірден әсер етті. Ресей жүк тасымалдайтын кемелерге шабуыл жасамау туралы ұсынысты қолдамады. Осыдан кейін халықаралық нарықта бидай бағасы күрт көтерілді. Чикаго биржасында бидай фьючерстері шамамен төрт пайызға өсіп, соңғы екі аптадағы ең жоғары өсімді көрсетті.
Қара теңіз – әлемдік астық экспорты үшін аса маңызды бағыт. Соңғы айларда Ресей мен украин қарулы күштері айлақтар мен астық терминалдарына шабуыл жасап, бидай, жүгері және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіліміне қауіп төндірді. Сарапшылардың пікірінше, Қара теңіздегі шиеленіс жалғаса берсе, әлемдік азық-түлік нарығындағы баға қысымы одан әрі күшеюі мүмкін.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


