«18 жылдан бері көкке ұшқан талап-тілегіміз сіз келгеннен соң орындалды». Ақментай Есбаевтың халықпен кезекті кездесуінде осылай деген Жүзімдік жұртшылығы, әкім мырзаның атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, өңірдегі қордаланған толғақты проблемаларын да жеткізді. Әдепкі үрдісше аудан басшысы, ең алдымен, өткен кездесуде халық тарапынан айтылған талап-тілектердің орындалу процесін баяндады.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы