Әжелер өнегесі ұрпақтан ұрпаққа ұласып, ғасырдан ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі. Олардың айтқан әрбір әңгімесі, жасаған әрбір ісі – кейінгі буынға үлгі, өнеге. Әсіресе, перзент өсіріп, бала тәрбиелеп жүрген отбасылар үшін Әжелер мектебінің рөлі орасан. Саялы өңірімізде де дәл осындай даналығын дариядай төгетін аналардан құралған – Әжелер алқасы бар. Ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған ұйым биыл 10 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ережеп Тұрғынбайұлы