Әжелер өнегесі ұрпақтан ұрпаққа ұласып, ғасырдан ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі. Олардың айтқан әрбір әңгімесі, жасаған әрбір ісі – кейінгі буынға үлгі, өнеге. Әсіресе, перзент өсіріп, бала тәрбиелеп жүрген отбасылар үшін әжелер мектебінің рөлі орасан. Саялы өңірімізде де дәл осындай даналығын дариядай төгіп жүрген батагөй аналардан құралған – Әжелер алқасы жұмыс істейді. Олардың кейінгі буынның болашағы үшін атқарған жыл бойғы жұмыстары қандай? Алқа төрайымы Күлшат Мәуленовадан сұрап білдік.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ерлан Сәрсенбеков