
Павлодар қаласында ер адам әженің азық-түлік салынған пакеті мен әмиянын тартып алмақ болған. Бірақ әже мықты болып шықты. Қайсарлық танытып, пакетіне жармасып, ұрыға бермей алып қалды.
Бұл оқиға туралы зейнеткер полицияға арызданбаған. Полиция бұл туралы бейнебақылау камерасы арқылы анықтаған. Кейін күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамап қойды.
Күдіктінің бұрын сотты болғаны белгілі болды.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


