
Қанды оқиға биыл 4 шілдеде Қызылорда облысының Арал ауданында болған. Облыстық прокуратураның мәліметінше, сол күні сотталған тұрғын мен ұлының арасында өз үйінде кикілжің туған.
– Отбасылық жанжал кезінде ол пышақпен ұлының кеуде тұсынан, қолының ішкі тұсынан, басынан пышақ жарақатын салып, жүрек тамырын зақымдап, соның салдарынан жәбірленуші қайтыс болған. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталған Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


