Түркістан облысы Сарыағаш ауданында қуанышты оқиға тіркелді. Тегісшіл ауылдық округіне қарасты Таскескен елді мекенінің тұрғыны Динара Маметова үш ұлды дүниеге әкелді. Ата-анасы нәрестелерге Сұлтан, Санжар және Осман деген есім берген. Көпбалалы ана жеке кәсіппен айналысады. Үшемдердің дүниеге келуімен отбасындағы бала саны жетіге жетті.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Еежеп Тұрғынбайұлы





