
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында отандық автокөлік жасау саласының қазіргі жағдайы мен келешектегі даму перспективалары қаралды.
«Мемлекет басшысы Үкіметке елімізді орнықты дамыту бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастырып, ұлттық экономика құрылымын нығайтуды тапсырды. Биыл маусым айында машина жасау және көлік мәселелері бойынша заңнамаларға тиісті түзетулер енгізілді. Бұл өзгерістер отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және өндірістік технологияларды жетілдіруді мақсат етеді»,
— деді Олжас Бектенов.
Жиында өнеркәсіп және құрылыс министрі автомобиль жасау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен оны дамыту перспективалар туралы, сондай-ақ ғылым және жоғары білім министрі кадрлық пен ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту мәселелері жөнінде баяндама жасайды.
Дереккөз: @KZgovernment


