Үкімет алдағы 3 жылда Ұлттық қордан 5 трлн теңге нысаналы трансферт алмақ

Алдағы 3 жыл ішінде бюджет тапшылығы 4 трлн теңге болады. Бұл туралы Үкімет отырысында 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын жарияланған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.

Тауарлар экспорты болжам бойынша 2027 жылы 82,8 млрд АҚШ долларынан 2029 жылы 88,5 млрд АҚШ долларына дейін өседі, импорт 80,5-тен 88,4 млрд АҚШ долларына дейін. Инфляцияның болжамды дәлізі 2027 жылы 7,5-9,5 пайыз, 2028-2029 жылдары 6-8 пайыз деңгейінде анықталған, – деді ол.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар