Ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция өткен 2021 жылы 350 млн теңгені құрап, берілген жоспар 100 пайызға орындалған. Сонымен қоса, аталған салаға қажетті 9 техника алынған. Бұл – Келес ауданына қарасты, Қошқар ата ауылдық округіне тиесілі көрсеткіш. Айта кетсек, Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша Қошқар ата 1-ші орынды иеленді.
Авторлар: Қуаныш Амангелдіұлы, Асан Қазақбаев