Келес ауданында прокуратураның ұйымдастыруымен №65 жалпы білім беретін мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жиын өтті. Басқосуға мектеп директорлары мен жауапты сала мамандары қатысты. Жиында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселесі кеңінен талқыланды.
Авторлар: Замиа Құралбайқызы, Айдос Дәулет





