Құрылыс кезінде кран құлап, бір адам мерт болды

Фото: ЖИ

Астанада 27 тамыз күні құрылыс жұмыстары кезінде кран құлап, машинисі қаза тапты.  

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті оқиға болғанын растады.  

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары жеткенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Ол алған жарақатынан көз жұмды.  

Қазір оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтауда.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар