Қызылордада бесінші құрылтай өтті. Аталған басқосуда қандай тақырыптар қозғалып, қандай шешімдер қабылданды? Рет-ретімен айта кетейік. Ең әуелі президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әлеуетіне тоқталып, онда алдағы уақытта атқарылатын жаңа жобаларға тоқталды. Сонымен бірге құрылтай барысында мемлекеттік резонанс тудырған Шымкентте қаза болған Нұрайдың оқиғасына қатысты мемлекет басшысы пікір білдірді. Қыз алып қашу, оны аңду, еркінен тыс әрекеттерге баруды қатты сынап, жабайылық деді. Бұл мәселе бойынша полицияға қатаң ескерту берілді, нәтижесінде бірқатар лауазым иелері қызметінен босатылды.
Автор: Мейірхан Бақытжанұлы




