
Қытайдың Юньнань провинциясындағы Үшінші халықтық аурухананың дәрігерлері ер адамның асқазанынан 180 шеге және басқа да металл заттарды алып шықты. Олардың жалпы салмағы 1 келіден асқан. Науқас ауруханаға ішінің ауырып, жиі құсуына байланысты жүгінген. Тексеру кезінде асқазанында металл заттардың көп мөлшерде жиналғаны анықталған.

Операция шамамен үш сағатқа созылды. Дәрігерлер шегелерден бөлек тиындар, бұрандалар, гайкалар мен магниттерді де шығарған. Шегелердің бірінің ұзындығы 10 сантиметрге жеткен. Металл заттар бір-біріне жабысып, асқазанды созып, төмен қарай ығыстырған. Асқазан қабырғаларында жаралар мен эрозиялар болғанымен, заттар асқазанды тесіп, ішекке өтпеген.
Қазір ер адамның жағдайы тұрақты. Туыстары оның психикалық ауруы бар екенін айтқан. Алайда оның мұнша көп металл затты не себепті жұтып қойғанын білмейтіндерін жеткізді.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_silkway


