Қырғызстанда бір палаталы парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Фото: Қырғыз Республикасы Президентінің сайтынан алынды

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Жогорку Кеңеш (бір палаталы парламент) депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, сайлау 2025 жылғы 30 қарашада, жексенбі күні өтеді. Президент Орталық сайлау және референдум өткізу комиссиясына сайлауды ұйымдастыруды және қашықтан дауыс беруді қолдануды тапсырды, ал Үкіметке – қажетті қаржыландыруды қамтамасыз етуді жүктеді.

12 қыркүйекте Қырғызстан Парламентінің депутаттары өзін-өзі тарату туралы қол жинауды бастады. Бұған жоспарланған парламенттік және президенттік сайлаулар арасындағы үзілістің тым қысқа болуы себеп болды. 25 қыркүйектегі отырыста 84 депутат Жогорку Кеңеш сайлауын кезектен тыс өткізу үшін өзін-өзі тарату ұсынысын қолдады.

Дереккөз: Informburo.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар