Қызылорда облысында алтынды заңсыз өндірумен айналысқан 13 адам қамалды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қаржы мониторингі агенттігі Қызылорда облысындағы Шиелі ауданында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Тергеу дерегінше, Жаманкөл шатқалында күрделі өндірістік өңдеуді қажет етпейтін табиғи алтын өндірілген.

Топ мүшелерінің міндеттері өзара нақты бөлінген: біреулері алтын іздеушілерді тартып, өндіру жұмысын ұйымдастырса, енді біреулері тасымалдау мен сатуға жауапты болған. Тағы бір бөлігі қауіпсіздікті қамтамасыз еткен.

Өндірілген алтын сату үшін Алматыға жеткізіліп, одан түскен ақша топ мүшелерінің арасында бөлінген. Тінту барысында құрамында алтыны бар 500 грамнан астам шикізат, 2 арнайы техника, 12 металл іздегіш және 6 автокөлік тәркіленді. Сондай-ақ 2 пневматикалық тапанша мен тегіс ұңғылы мылтық табылды. 13 адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар