Қоқиқаздардың мекенін сақтау үшін Қорғалжынға 40 млн текше метр су жіберілді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қорғалжындағы көлдерге 40 млн текше метр су бағытталды, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

— Су нысандарын сарқылу мен ластанудан қорғау — шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз етумен қатар, жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Министрлік экологияға зиян келтірмей, ауыл шаруашылығы алқаптарына судың тұрақты берілуін қамтамасыз ету үшін үлкен күш жұмсауда. Су үнемдеу технологиялары мен заманауи су есептеу құралдарын енгізу экономика мен қоршаған ортаның қажеттіліктері арасындағы теңгерімді сақтай отырып, суды тиімді бөлуге мүмкіндік береді, — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар