Қай кезде де, қай елде болмасын мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы болып келген. Осы тұста, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп отырған мәдениет үйлерінің де жас ұрпақтың саналы тәрбие, сапалы білім алуына үлесін қосататынын ұмытпаған жөн. Айтпақ болғанымыз, алдағы уақытта мәдени мекемелердің саны тағы екеуге артқалы тұр. Аталған орталықтар Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округінде бой көтереді.
Авторлар: Хусниддин Хасанұлы, Ерлан Сәрсенбеков