Жылыту маусымында бірқатар сақтық шаралар жүзеге асырылуда. Осы тұста Келес ауданының орталығы – Абай ауылында газ және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді түсіндіру және тексеру жұмыстарына Келес аудандық газ техникалық инспекциясы, Төтенше жағдайлар бөлімі, Абай газ шаруашылығы мекемесі және ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Қауіпсіздік талаптары сақталмаған үйлерге қандай шаралар қолданылды?
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрболат Еркін



