Келес ауданында полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Қауіпті жүргізуші» атты арнайы рейдтік шара өтіп жатыр. Шараның негізгі мақсаты – жолда тәртіп бұзып, өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіретін көлік иелерін анықтап, оларға заң аясында шара қолдану. Полиция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауданда тәулік бойы бақылауды күшейткен.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





