
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты таңдаулы сөздерінің жинағы жарыққа шықты. Бұл туралы Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев әлеуметтік желіде жаряилады.
Құрметті достар! Сөз қадірін түсінетін, көкірегі ояу, зерделі қауымға айтар жаңалығымыз бар. «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» деген атпен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың таңдаулы сөздерінің жинағы жарық көрді. Жинақ болғанда, бұл – Мемлекет басшысының Қазақстанды Әділетті, Қауіпсіз және Өркендеген елге айналдыруды көздеген ұлы мұратының сөзбен көмкерілген жиынтық бейнесі. Яғни саналы ғұмырын мемлекет ісіне арнаған тұлғаның соңғы отыз жылдан аса уақыт ішінде көңілге түйгені, ойға тамызық болған ұстанымдары мен құндылықтары. Осы жинақты құрастыру кезінде көзіміз жеткен анық жайт – күрделі және өтпелі кезеңде мемлекетке басшы болатын тұлғаның ел болашағы, ұлт сапасы жайлы пікір-көзқарасы бұдан ондаған жылдар бұрын қалыптасқан. Одан соң өмірлік және кәсіби тәжірибе негізінде жүйеленіп, бүгінде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналып отыр, – деді Арман Қырықбаев.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


