
28 қазанда Ақсай филиалына қарасты Қаскелең орманшылығы аумағында орман өрті тіркелген. Өрт Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық парк аумағында орнатылған орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы сағат 13:14-те байқалған.
Таулы жер бедері мен өрт ошағына техниканың жетуі қиын болғандықтан, өрт сөндіру жұмыстары сағат 14:00-де басталды.
– Жеке меншік жер учаскесінен мемлекеттік орман қоры аумағына таралған өртті сөндіруге 43 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды, – деп хабарлады ұлттық парк.
Өрт сол күні сағат 16:50-де оқшауланды.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


