Қарағандыда режим жөніндегі бөлімнің қызметкері азаптау үшін сотталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен алынды

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің режим жөніндегі бөлімі бастығының орынбасарына сотталған адамды азаптағаны үшін үкім шығарды.

Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған үш жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды.

Сотталған«әділет майоры» арнайы шенінен айырылды және одан Жәбірленушілердің өтемақы қорына тиісті төлемдер өндіріледі.

Сотқа дейінгі тергеуді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Қазақстан Бас прокуратурасы

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар