Сарыағаш ауданында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» қарасты «Аялы алақан» және «Қамқор» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 2024 жылғы 5 желтоқсанда құрылған. Бүгінде бұл орталықтар жалғызбасты қариялар мен мүгедектігі бар азаматтарға тұрақты түрде әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді. Мекеме мамандары қамқорлыққа мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың өмірде жалғыз еместігін сезіндіруге және өмірге деген құлшынысын арттыруға ерекше көңіл бөлуде.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы





