Тағдыр тауқыметін тартса да, өмірдің сынына мойымай, керісінше қоғамдық шараларға етене араласып келе жатқан мүгедек жандар аз емес ауданда. Бүгін өмірге құштар сондай жандар үшін салтанатты жиын ұйымдастырылды. «Шапағат» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің және Құркелес ауылдық Аналар кеңесінің төрайымы Үрбибі Төлегенованың мұрындық болуымен қолға алған шараға 50-ге тарта ерекше жан қатыстырылды.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек