Қазхром 30 жылдығы қарсаңында 40 миллионыншы тонна ферроқорытпа өндірді

Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Әлемдегі жетекші ферроқорытпа өндірушілердің бірі саналатын «Қазхром»ТҰК» АҚ іргесі қаланғалы бері ферроқорытпа өндірісіндағы мерейлі меже – 40 миллионыншы тонна өнім шығарды. Бұл айтулы өнім компания филиалдарының бірі Ақсу ферроқорытпа зауытының тұңғышы – 21-пеште балқытылды.

1995 жылы Қазхром Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарын біріктіргенде, олардың жылдық өндірісі – 650 мың тоннадан сәл ғана асатын. Бүгінгі күні өндірісті ауқымды модернизациялау және заманауи технологияларды енгізу арқасында Қазхром зауыттары үш есе көп өнім шығарады және осы салада жетекші позицияларды ұстап келеді.

«40 миллионыншы тонна ферроқорытпаға қол жеткізу – бұл жай ғана сан емес, тұрақты дамудың және компания тұрақтылығының белгісі. Компания өз жұмысын жүргізіп жатқан өңірлердің және жалпы елдің экономикасына үлкен үлес қосуды жалғастырып жатыр. Біз үнемі тиімділікті ілгерілетіп, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және үнемді өндірісті енгізу бағытында үздіксіз жұмыс істейміз», – атап өтті «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьев.

2024 жылы Қазхромда ферроқорытпалардың жылдық өндірісінде жаңа тарихи рекорд тіркелді. Бұл бүгінгі жетістікке жету жолындағы маңызды кезең болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тау-кен металлургия компаниясы ферроқорытпалар шығару бойынша бұрынғы ең жоғары көрсеткіштен асып түсті. Жылдық есепте көлем 14%-ға өсіп, 1,8 миллион тоннаға жетті.

«Қазхром» ТҰК» АҚ – Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі ірі жұмыс берушілердің бірі. Компанияның жалпы қызметкерлер саны – 18 мың адамнан асты. Компания өндірісті цифрландыруды, ресурс базасын кеңейтуді және экологиялық көрсеткіштерді жақсарту бағытарында стратегиялық жобаларды белсенді түрде дамытып келеді.

Дереккөз: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар