
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кен өндіру және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабакпен кездесті. Тараптар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, өзара сауда және инвестициялық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.
«Қазақстан Иранмен аграрлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән береді. Біздің өнімдеріміз бірін-бірі толықтырып отырады, оған жыл сайынғы тұрақты өсім нақты дәлел», – деді Айдарбек Сапаров.
Дереккөз: ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі


