
Қазақстанның халықаралық әуе бағыттары тағы екі жаңа маршрутпен толықты. FlyArystan Ақтаудан Қытайдың Үрімші қаласына және Астанадан Қырғызстандағы Ыстықкөлге тікелей рейстерді іске қосты.
Ақтау – Үрімші бағыты бойынша рейстер 26 маусымнан бастап аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері орындалады. Ал Астана – Ыстықкөл бағыты бойынша ұшақтар 3 шілдеден бастап дүйсенбі және жұма күндері қатынайды. Екі бағытта да Airbus A320 ұшақтары пайдаланылады.
Жаңа рейстер Қазақстанның Қытай және Қырғызстанмен туристік, іскерлік және сауда-экономикалық байланыстарын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тікелей әуе қатынасы жолаушылардың жолға кететін уақытын қысқартып, танымал бағыттарға сапарлауды жеңілдетеді.
Дереккөз: ️t.me/atamekenbusiness_silkway


